«Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы жалғасуда

27.03.2018

«Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясының сапары жалғасуда. Саяхатшылар құрамындағы тарихшы, генетик мамандар бұл жолы Жапония,  Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ елдеріне  жол жүреді. Мұнда ХІІІ ғасырдағы Құбылай ханның әскер құрамында болған қыпшақ жауынгерлері мен Америкаға қоныс аударған алтайлықтардың тарихы тереңінен зерттелмек.

Айта кетсек, саяхатшылар бұған дейін 24 елді аралап, тың дереккөздер тапқан болатын. Ол жөнінде эскпедицияның ақпараттық серіктестігі «Қазақ тв» арнасынан 40-қа жуық фильм көрсетілді. Бұл жолы да осындай жұмыстар жоспарланған. Қосымша насихат шаралары ұйымдастырылады.  Басты мақсат – қазақ тарихын өскелең ұрпаққа жеткізу, жас ғалымдарға бағыт-бағдар көрсету. Қазақстандық жиһанкез-саяхатшы Сапар Ысқақұлының жетекшілігімен басталған іс-сапар 26-сәуір аяқталып, жолаушылар елге оралады.

Сапар Ысқақов, «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясының жетекшісі:

- Сол елдерде біздің бабаларымыздан қалған даңғыл жол жатыр. Соларды көріп, түсіруіміз керек. Қазақтарға айтарым, оян қазақ. Тарихың мен  бабаларыңның ісін біл. 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу