«Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы өз мәресіне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы өз мәресіне жетті

19.07.2017

Мамырдың 4-і күні Астанадан басталған шара 67 күнге созылды. Экспедиция мүшелері 20 мың шақырым жол жүріп өтіп, 20-дан аса ел мен қаланы аралады. Ғылыми экспедицияның мақсаты - ата-бабаларымыз болған жерлерді аралап, зерттеулер жүргізу.

Сондай-ақ, қазақ халқының шығу тарихын кеңейте түсіп, ежелгі ғұн, түркілер мен қыпшақтардың ұрпақтарымен танысу. Экспедиция жетекшісі Сапар Ысқақов енді бұдан кейін қыпшақтардың орта ғасырдағы тарихын зертеумен айналысатын ғылыми орталық ашуды жоспарлап отыр.

 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу