«Ұлы Абайдың ізімен: рухани сапар» экспедициясы жолға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлы Абайдың ізімен: рухани сапар» экспедициясы жолға шықты

18.09.2020

Қарағандылық қоғам белсенділері рухани сапарға аттанды. «Ақ жол» партиясы ұйымдастырған экспедиция Ұлы Абайдың ізімен ел аралап, хәкімнің еңбегін басқа қырынан зерттемекші. Арқадан Жидебайға дейінгі аралықта орналасқан ондаған елді мекенге соғып, жұртпен тілдесіп, ұлы ойшылға қатысты тың мәліметтер іздеуді мақсат етіп отыр. Автокеруен 4 күн ішінде мыңдаған шақырымды жүріп өтпек.

Бейбіт Құлмағанбет, «Ақ жол» демократиялық партиясы облыстық филиалы директорының орынбасары 

- «Абай және парламентаризм», «Абай және көппартиялық жүйе», «Абай және демократия». Абайдың еңбектері астарлы. Сол астарлы, құнды, әлі де зерттелмеген жақтарын зерттеп, қазіргі біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, ұлттың жаңа кейпін табу - біздің негізгі мақсатымыз бұл автошерудегі.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу