Шоқан Уәлихановтың Қашғар еліне сапарлағанына 160 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шоқан Уәлихановтың Қашғар еліне сапарлағанына 160 жыл

08.11.2018

Биыл әйгілі саяхатшы, этнограф-ғалым Шоқан Уәлихановтың Қашғар еліне сапарлағанына 160 жыл. Осыған орай, Талдықорған қаласында құрылған «Шоқжұлдыз ізімен» атты тарихи-танымдық экспедициясы Семей қаласына аялдады. Шаһардан Шоқан Уәлиханов туралы тың деректер жинап, өлкетанушылардың мағлұматтарына қанық болды.

Семей шаһары Шоқан Уәлихановтың өмірінде ерекше орын алады. Зерттеуші өз күнделігінде 1858 жылдың 28 маусымында осы жерде Семей көпесі Мұсабайдың керуеніне қосылғанын атап өтеді. Сондай-ақ, Шоқан Уәлиханов Семейде өзінің досы Федор Достоевскиймен де бірнеше рет кездескен. Экспедиция мүшелері орыс жазушысының музейінде болып, шоқтығы биік Шоқанға қатысты біраз мәлімет алды. Шоқан Уәлиханов пен Достоевский дәл осы ғимаратта ұзақ әңгімелесіп, естелік суретке де түскен. 

Мұратбек Иманғазинов, «Шоқжұлдыз ізімен» экспедициясының мүшесі, профессор:

- Федор Михайлович Достоевский мен араласа отырып, өткен ғасырдағы, өткен замандардағы саяхатшылардың өмірін, яғни, олардың істеген істерін, жасаған жаңалықтарын естіп біледі.

Сапар барысында экспедиция мүшелері қаланың тарихымен де танысып, Абай Құнанбаевтың, Алаш арыстары мен Мұхтар Әуезовтың музейлеріне ат басын бұрды. Тарихы терең, тұлғалары ерен шаһардың рухани дүниесіне тәнті болды. «Шоқжұлдыз ізімен» экспедициясы енді Аягөз қаласына бет алады.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу