Астаналық «Барыс» Финляндияның «Йокерит» клубын жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық «Барыс» Финляндияның «Йокерит» клубын жеңді

26.01.2017
Құрлықтық хоккей лигасы аясында астаналық «Барыс» кезекті кездесуін Финляндияның Хельсинки қаласында жергілікті «Йокерит» клубымен өткізіп, қарсыластарынан 4:3 есебімен басым түсті. Ойындағы алғашқы шайбаны 3-минутта «Йокерит» сапындағы Барайан О’Нил соқса, 12-минутта Петер Регин командасын алға шығарды. «Барыс» болса, тек 15-минутта карсылас қақпасынан саңылау таба білді.

Екінші кезеңде «Йокерит» «Барыс» қақпасына тағы шайба соғып, есепті 3:1-ге жеткізді. Кездесудің үшінші бөлігінде «Барыс» сапынан Найджел Доус есеп айырмасын қысқартса, 56-минутта Иван Кучин есепті теңестірді. Ал, овертаймда жерлестеріміз мықты болып, Брэндон Боченский командаға жеңіс сыйлады.

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу