Бүгін «Kazsport» ҚХЛ аясындағы «Барыс» - «Автомобилист» матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Kazsport» ҚХЛ аясындағы «Барыс» - «Автомобилист» матчын тікелей эфирде көрсетеді

05.01.2016
Бүгін «Kazsport» ҚХЛ аясындағы «Барыс» - «Автомобилист» матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін, 5 қаңтарда, Құрлықтық хоккей лигасы аясында (ҚХЛ) астаналық «Барыс» өз мұз айдынында Екатеринбург қаласының «Автомобилист» клубын қабылдайды. Айта кетейік, Андрей Назаров шәкірттері соңғы үш ойында жеңіске жеткен.

«Барыс» пен «Автомобилист» арасындағы матчты «Kazsport» телеарнасы Астана уақытымен сағат 19:20-да тікелей эфирде көрсетеді.

Екі команда да «Шығыс» конференциясында ойнайды. Әзірге 47 ойын өткізіп, 66 ұпай жинаған астаналық ұжым осы конференцияда 7-ші орында келеді. Ал, олардан үш матч аз ойнаған «Автомобилист» 64 ұпаймен 9-шы орында келеді.

Хабарламаларға жазылу