Ресей мен Қазақстан шегірткеге қарсы күресті бірлесе жүргізбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей мен Қазақстан шегірткеге қарсы күресті бірлесе жүргізбек

26.02.2018

Биыл Ресей мен Қазақстан шегірткеге қарсы күресті бірлесе жүргізбек. Қостанайда қос мемлекеттің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция мамандарының халықаралық кеңесі өтті. Тараптар егістіктердің зақымдануына жол бермеу тәсілдерін талқылады. Көршілес мемлекеттердің шекаралас аумағына зиянкестердің тарауының алдын алу үшін бірлескен жұмыс тобы құрылмақ. Өткен жылы шегірткенің үйірлі түріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 1,5 миллиард теңге бөлінді. Биыл да егінжайларға зиянкестерден қауіп төнуі мүмкін. Сол себепті, 2 миллион гектардай жер алқабы өңделеді. Қажетті препараттарды сатып алуға 2,5 миллиард теңге қаралған.  

Алмабек Марс, ҚР АШМ Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің қызметкері:

- Зиянкестермен күресті химиялық жолмен емес, биологиялық тың әдіс арқылы жүргіземіз. Бұл тәсілдің тиімділігі, қоршаған ортаға еш зияны жоқ. Қазір мониторинг жасап жатырмыз. Препараттардың барлығы жеткілікті көлемде алынған.

 

Данияр СҰЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу