Шығыс Қазақстанда әкімдер біліктіліктерін арттыруда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда әкімдер біліктіліктерін арттыруда

19.02.2018

Шығыс Қазақстанда ауыл әкімдері жергілікті бюджетті игеру үшін арнайы білімдерін жетілдіруде. Өңір бұл жобаны республика бойынша бірінші болып қолға алды. Жергілікті дербес бюджет биылдан бастап 2 мыңнан аспайтын тұрғыны бар елді мекендер мен селолық округтерге, ал 2020 жылдан бастап барлық жерде жаппай енгізілмек. Яғни, бұдан былай әрбір ауылдық округ өз қаражаттарын өздері игереді. Қаржы абаттандыру, тәрбие, білім және ауызсу мәселесі сияқты ауылдың ең өзекті мәселелерін шешуге жұмсалады.  

Жанна Қабдолдақызы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департамент басшысы:

- 2017 жылы әкімдер аттестациядан өтті. Оның қорытындысы ауыл әкімдері құзіретінің төмен екенін көрсетті. Басты кемшілік ауыл әкімдері өздерін дамыта білмейді. Мүмкін уақыттарының жоқтығы, не болмаса тәжірибенің аздығынан болуы мүмкін. Дербес бюджет енгізгендіктен, әкімдерде мұндай кемшіліктер болмауы тиіс.

Өмірбек Құрманғалиев, Бабровка ауылдық округ әкімі:

- Білгенімізден білмейтініміз көп. Жаңадан үйреніп жатырмыз. 

 

Хабарламаларға жазылу