ОҚО-да 15 елді мекенге су мен газ құбыры тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-да 15 елді мекенге су мен газ құбыры тартылады

14.02.2018

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында 3 бірдей елді мекенге таза су жүйесі, тағы 12 ауылға табиғи газ құбыры тартылып жатыр. Халық тығыз орналасқан аймақта бүгінгі таңда 36 ауылдың тұрғындары  құбырдан таза су  ішеді. Келер жылы қалған 50 мың тұрғыны бар Қарабұлақ ауылына су жеткізу үшін облыс қазынасынан 24 миллион теңге бөлініп отыр. Құрылыстың жобалау құжаттар әзір. Осылайша, Сайрам ауданындағы ауыл-аймақ 2021 жылы тұтастай ауызсумен қамтамасыз етілгелі отыр. Ал, табиғи газ тартылған ауылдар саны 19 елді мекенге жетті. Бұл - аудандағы елді мекендердің 45 пайызы. Биылғы жылы тағы 12 ауылдың тұрғындары көгілдір отынның игілігін көрмек.  

Ербол Сарыбеков, Сайрам ауданы әкімдігі Тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы бөлімінің басшысы:

 - Ол жерде мердігер анықталып қойған. Жұмыстар басталып кетті. 12 елді мекенді 2018 жылы, қалған елді мекендерді 2019-2020 жылы 100 пайыз қамтамасыз етеміз деп жоспарлап отырмыз. 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу