Оңтүстік Қазақстанда Бәйдібек ауданының тұрғындары табиғи газдың игілігін көретін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстанда Бәйдібек ауданының тұрғындары табиғи газдың игілігін көретін болды

07.09.2015
Оңтүстік Қазақстанда Бәйдібек ауданының тұрғындары табиғи газдың игілігін көретін болды

Жақында аудан орталығы Шаян ауылында жерасты газ құбырын жүргізу жұмыстары басталды.

«Бейнеу-Бозай-Ақбұлақ» магистралды газ құбырының құрылысы екі бағытта жүргізіледі.

Соның бірі арқылы алдымен аудандағы 11 елді мекенге газ желісі тартылады.

Газ тарату стансаларының құрылысы облыс әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесінің келісімі негізінде басталды.

Облыстық бюджеттен бұл жұмыстарға алғашқы траншпен 110 млн теңге бөлінді.

 

Хабарламаларға жазылу