ОҚО-да полиция үш адамды өлтірген күдіктіні ұстады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-да полиция үш адамды өлтірген күдіктіні ұстады

12.02.2018

Оңтүстік Қазақстан облысында бір отбасының үш бірдей адамын өлтіріп, қашып кеткен күдікті қолға түсті. Ол Тараз қаласында уақытша тұрып жүрген азамат болып шықты. Естеріңізге сала кетсек, қанды оқиға өткен аптаның бейсенбісінде болды. Шаһардың ескі бөлігіндегі жер үйлердің біріне арнайы шақырту бойынша барған полицейлер оқиға орнынан 53 жастағы әйел мен оның екі ұлының мәйітін тапқан. Балалардың бірі 13 жаста, екіншісі 23-те. Әзірге олардың өліміне нендей жағдай себеп болғанын полицейлер айтпай отыр. Күдіктіні құрықтау үшін криминалист мамандар азаматтардың саусақ іздерінің таңбасын алып, төңіректегі бейнебақылау камераларының жазбаларымен танысқан. Сондай-ақ, адам өлімі болған үйдің көршілері мен сол төңіректегі тұрғынжайлардың барлығы тексерілді. 

Бауыржан Селтанов, Облыстық ІІД криминалды полиция басқармасының басшысы:

- Қазіргі таңда бұл аса ауыр қылмыс бойынша сезікті Тараз қаласында ұсталды. Жасаған қылмысын толық мойындады. Ол бойынша дәлелдемелер алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу