«Самұрық-Қазына» жас дарындарды дамытуды көздейтін «Жас өркен» бағдарламасына өтінімдер қабылдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Самұрық-Қазына» жас дарындарды дамытуды көздейтін «Жас өркен» бағдарламасына өтінімдер қабылдайды

26.01.2018

Жоғары оқу орнын бітіріп, топ-менеджер атану мүмкіндігі. «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы отандық университеттерді тәмамдаған үздік студенттерді іріктеп, өз компанияларында шыңдауда. Жас дарындарды дамытуды көздейтін «Жас өркен» бағдарламасы былтыр алғаш рет қолға алынған. Қазіргі таңда 600-ден астам үміткерден суырылып шыққан 20 маман еліміздің әр түкпірінде орналасқан ірі өндіріс орындарында тағылымдамадан өтуде. Бүгін елордада соларға жол сілтеп жүрген тәлімгерлер бас қосып, тәжірибе алмасты. Алғашқы 4 айдың нәтижесі бойынша бағдарламаға қатысушылар өздерін жақсы қырынан көрсете білген. Енді бір айдан кейін олар келесі мекемеде жұмысын жалғастырады. Осылайша, екі жылдың ішінде 4 жерде қызмет етіп, жан-жақты тәжірибе жинайды. Бұл бағдарлама биыл да жалғаспақ. Өтінімдер 31-наурызға дейін қабылданады.

Гүлмира Райысова, «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің директоры:

- Біз жас мамандардың екінші толқынын қабылдауды бастап кеттік. Еліміз бойынша 99 жоғарғы оқу орнында ақпарттық-насихат жұмысы жүргізілді. Үміткерлер 4 кезеңнен тұратын сынақтан өтуі керек. Бұл - жоғарғы оқу орнының түлектері үшін өте жақсы мүмкіндік. Бірнеше компанияда тағылымдамадан өткеннен кейін олар өздері қалаған мекемеге жұмысқа орналаса алады.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу