«Digital Samruk-2020»: Елімізді цифрландырудың жаңа тәсілдері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Digital Samruk-2020»: Елімізді цифрландырудың жаңа тәсілдері талқыланды

10.12.2020

Бүгін өткен «Digital Samruk-2020» конференциясында «Самұрық-Қазына» қоры мен елімізді цифрландырудың жаңартылған тәсілдері талқыланды. Қазір қордың цифрлық трансформация бағдарламасының портфелі 71 жобадан тұрады. Сонымен қатар республика көлемінде тың идеяларды іздеп, іске асыру қолға алынды.

Жиынға қатысқан Премьер-Министр Асқар Мамин, БҰҰ рейтингінде «Электронды үкіметтің» даму деңгейі бойынша Қазақстанның 30 озық елдің қатарына енуі маңызды қадам екенін атап өтті. Сондай-ақ Үкімет басшысы болашақтың цифрлық экономиканы дамытуда сапалы «серпілісті» жүзеге асырудың қажеттігіне тоқталды. Қор сондай-ақ талантты жастарға арналған «Жас Өркен» және «Цифрлық жаз» бағдарламаларын іске қосты, олар бойынша қазіргі уақытта 113 жас маман жұмысқа орналасты. 


Digital Samruk-2020

Хабарламаларға жазылу