Алматыда «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша пәтерге онлайн өтінім беру басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша пәтерге онлайн өтінім беру басталды

29.09.2014
Алматыда «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша пәтерге онлайн өтінім беру басталды

Бүгін «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының www.fnsk.kz сайтында «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде пәтерге онлайн өтінім беру басталды.

Бұл шара кезекке тұру кезіндегі адам факторын азайту үшін қолданылып отыр. Өтінімдер келіп түскен уақыты бойынша тіркеліп, өтініш берушілердің кезегі сол арқылы автоматты түрде реттеледі.

«Асыл Арман» ТК бойынша өтінім қабылдау уақыты 14 қазанда сағат 10:00-де аяқталады.

Айта кетейік, 12 қазанда Ақтөбедегі «Юнис Сити» тұрғын үй кешені бойынша да онлайн өтінімдер қабылдау басталады. 

Хабарламаларға жазылу