Сенат депутаттары: Қорғаныс саласының қауқары ұлттық кадрлармен қамтамасыз етілсе ғана артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат депутаттары: Қорғаныс саласының қауқары ұлттық кадрлармен қамтамасыз етілсе ғана артады

25.01.2018

Қорғаныс саласының қауқары ұлттық кадрлармен қамтамасыз етілсе ғана артады. Мұны жүзеге асыруға Ұлттық қорғаныс университетінің қауқары толық жетеді. Парламент Сенатының депутаттары оқу орнына барғанда осылай деді.  

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева университет қабырғасына сала сарапшыларын көптеп тарту керек,-дейді. Ал, цифрландыру бойынша қауіпсіздік тұрғысынан аса мұқият болуға тиіспіз,-деп санайды. Қазір мұнда іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіледі. Материалдық-техникалық жарақтануы жақсы. Ұшқызсыз ұшу аппараты және жерде барлау машинасы сияқты әскери техникалар жасалып жатыр. Бұлар келешекте еліміздің қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінде қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ, сенаторлар кітапхана, музейді де аралап көрді. 

Дархан Кәлетаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

 - Қазіргі кезде бүкіл дүниежүзінде қорғаныс, әскери ғылым дамып келе жатыр. Сондықтан, бізде содан қалмауымыз қажет.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу