Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады

12.07.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады. Ол кеңестің биылғы жарты жылдықта атқарған жұмыс қорытындылары мен алдағы жоспары туралы Президентке есеп берді. Сонымен қатар әкімшілік әділет соттарының кадрлармен қамтамасыз етілуі жөнінде мәліметімен бөліәсті. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Денис Шиппке сот корпусын одан әрі жаңғыртуды тапсырды. Сот жүйесіне мейлінше сауатты әрі құзыретті мамандарды тартуға септігін тигізерлік бірқатар міндет жүктеді. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу