Қазақстанда 2030 жылға қарай су тапшылығы артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 2030 жылға қарай су тапшылығы артады

14.07.2022

Қазақстанда 2030 жылға қарай су тапшылығы артады. Мұны Су ресурстар комитетінің төраға орынбасары Досбол Бекмағамбетов айтты.

Оның сөзінше, 2000 жылдары орташа көпжылдық өзен ағысы 120 текше километр болса, қазіргі уақытта шамамен 102 текше километрді құрайды. Ал 2030 жылға қарай өзен ағыны 99,4 текше километрге дейін қысқарады. Бұған экологияның нашарлауы және адамдардың суды көп тұтынуы себеп.

Досбол Бекмағамбетов, Су ресурстар комитетінің төраға орынбасары:

Елдің шығыс өңірлері неғұрлым қамтамасыз етілсе, Орталық Қазақстан ең аз қамтылған. Оңтүстік және солтүстік шектес елдерге неғұрлым тәуелді болып табылады. Сондықтан болжанып отырған су тапшылығы осы өңірлерге көбірек әсер етеді.

Тіршілік нәрінің тапшылығын мейілінше азайту мақсатында су инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Мәселен былтыр еліміздегі 212 каналдың 23-і цифрландырылды, биыл тағы 89 канал сандық жүйеге көшеді. Сонымен қатар 3 жылда 9 жаңа су қоймасын салу жоспарланып отыр.


Хабарламаларға жазылу