Электр энергетикасы тақырыбын қаузаған журналистер арасындағы байқауда Ұлттық арна тілшісі жеңімпаз атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Электр энергетикасы тақырыбын қаузаған журналистер арасындағы байқауда Ұлттық арна тілшісі жеңімпаз атанды

18.01.2018

Республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері барлығы 103 материал ұсынған. Бірақ, электр жүйесіндегі өзекті мәселелер мен электр желілерін басқаратын «KEGOC» компаниясының инвестициялық жобалары туралы жазған тек 10 жұмыс қана марапатқа лайық болды. Қатарында Ұлттық арна тілшісі Дулат Әбибуллаев «Ақпараттық қолдау» аталымын жеңіп алды. Сондай-ақ, жүйелілік-деректілік, ақпараттық әріптес, жедел ақпарат, үздік ақпараттық және өңірлік шолу бойынша үздік танылғандар бар. 

Ерлан Ахметов, «Ақкөл өмірі» газетінің редакторы:

- Күн және жел, жарық желілері қазіргі уақытта заман талабына сай қолданысқа еніп жатыр. Оның бүгінгі жұмысы, келешегі туралы ақпараттарды таратып отыруды өз міндетіміз деп санаймыз.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу