Көмек сұрауға шешім қабылдаған Дүрданаға Қазақ радиосындағы «Жан жылуы» бағдарламасы себепкер болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көмек сұрауға шешім қабылдаған Дүрданаға Қазақ радиосындағы «Жан жылуы» бағдарламасы себепкер болған

08.01.2018

Жарық дүниені бір көруге зар болған Дүрдана Хабиболлақызының көптен күткен арманы орындалды. 14 жыл бойы қараңғы әлемде өмір сүріп келген бойжеткенге қайырымды жандар қолдау танытып, Ресей елінде сәтті операция жасалады. Осылайша жаны жомарт азаматтардың мейіріміне бөленген қыз дүниеге жаңа келген сәбидей ерекше күй кешуде.

Дүрданаға бұл дерт 2 жасында  жабысыпты. Анасының айтуынша, содан бері талай емхананың есігін қаққан. Алайда, ана мен баланың үміті үзілмесе керек. Жуырда жаны жомарт жандардың қолдауымен бойжеткен көру қуанышына ие болды.

Дүрдана Хабиболлақызы, «Үміт» мектебінің 11-сынып оқушысы:

 - Адамдардың бейнесін елесетете алмайтынмын. Кейін көрген кезімде сондай бір таң қаларлықтай жағдай болды.

Бастапқыда іш ауруымен ауруханаға түскен бүлдіршіннің дерті асқынып, көру қабілетіне әсер еткен. Жалпы, «жүре пайда болған мұндай көз ауруларының түрлі себептері көп», - дейді білікті мамандар.

Ресейде жасалатын мұндай операцияға әркімнің қолы жете бермейді. Қарапайым отбасы үшін қажетті қаражатты табу қиынға соқты. Көмек сұрауға шешім қабылдаған Дүрданаға Қазақ радиосындағы «Жан жылуы» бағдарламасы себепкер болған.

Ақбаян Сапарбаева, Қазақ радиосының жүргізушісі:

 - Алғашқы хабар біткен кезде ең бірінші болып бір жігіт жалғыз өзі 1 млн. теңге есепшотына аударды. Дүрдананың арманының орындалуына үлес қосқан азаматтан кейін үздіксіз телефон қоңыраулары болдыдағы өзінің операциясына қомақты қаржыны жинады.

Шымкент қаласындағы «Үміт» мектебінің 11- сыныбында оқитын Дүрдана өз қатарының алды. Республикалық «Абай» оқуларына қатысып, ән байқауларында да бас жүлдегер атанған.

Дүрдана Хабиболлақызы, «Үміт» мектебінің 11-сынып оқушысы:

 - Болашақта тіл аудармашысы мамандығын иегеретін ойым бар. Сол бойынша жұмыс жасап мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектескім келеді.

Ресми мәліметке сүйенсек, елімізде 20 мыңға жуық көру қабілеті нашар жан тұрады. Олар да Дүрдана сияқты қайырымды азаматтардың көмегіне мұқтаж. 

Алтынай БАРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу