Қазақ радиосы сырқат баланың еміне қажет 40 000$ қаржының табылуына себепші болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ радиосы сырқат баланың еміне қажет 40 000$ қаржының табылуына себепші болды

12.05.2017
Қазақ радиосы сырқат баланың еміне қажет 40 000$ қаржының табылуына себепші болды

Қазіргі қоғамда «Жан жылуын» іздейтін жандар көп.  Көбісі дерттен айығуды қалайды. Еміне шипа іздейді. Жақсылықтан күдер үзбей, қоғамнан көмек сұрайды.

 

Осы орайда, Қазақ радиосының ұжымы сауапты іске себепші болуда. Бүгінгі тікелей эфирдегі ақжолтай жаңалық барша жанға қуаныш сыйлады.

 

106,8 FM толқынынан әр сәрсенбі және жұма күндері «Жан жылуы» хабары эфирге шығады. Бүгінгі  бағдарламаға Ақмарал есімді ана хабарласты. Оның 4 жастағы Айсəуле атты баласының қос бүйрегі істен шықан. Қазір қан тазарту құрылғысының көмегімен ғана өмірін жалғастырып жатыр. Ана осы жайды айтып, тыңдармандардан көмек сұрады.

 

Хабар барысында өз есімін жарияламауды өтініп қоңырау шалған жомарт жан  бүлдіршіннің ем-домына қажет 40 мың АҚШ долларын беретін мәлімдеді.

 

«Жақсы адамдардың бар екені даусыз. Соған тағы бір көз жеткіздік. Алдағы уақытта Айсәуленің жағдайы мен кәсіпкер көрсеткен көмекті кеңінен айтамыз»,- деді бағдарлама жүргізушісі Ақбаян Сапарбай.

 

Естеріңізге салар болсақ, «Жан жылуы» бағдарламасы сәуір айынан бастап  Қазақ радиосынан шыға бастады. Хабар  тыңдарманды өзгенің қайғы-мұңын көргенде айналып өтпей, қол ұшын созып, көмектесуді көздейді.

Хабарламаларға жазылу