Петропавлда 34 жастағы азаматтан 12 грамм героин тәркіленді

05.01.2018

«Мұншалықты ірі көлемді есірткі 3 мың адамды тәуелді етуге жетеді», дейді тәртіп сақшылары. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ал, ұсталған азамат қамауға алынды. Есірткі бизнесімен айналысқан күдікті 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жалпы, өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 332 құқықбұзушылықты анықтаған.

Сейілхан Жұмағұлов, СҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы:

- 2017 жылы СҚО аумағында есірткі заттарының заңсыз айналымымен күрес саласында 332 құқықбұзушылық анықталды, оның 126-сы ауыр және аса ауыр қылмыс, оның ішінде 34 сату фактісі. Қылмыстық жауапкершілікке 250 адам, ауыр және аса ауыр қылмыс үшін 88 адам тартылды. 2017 жылы заңсыз айналымнан 450 килограмнан астам түрлі есірткі заттары алынды.

 

Самат САПАРАЛЫ

Хабарламаларға жазылу