Әріптестік беки түспек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әріптестік беки түспек

12.03.2014
Әріптестік беки түспек

Бұдан былай Ұлттық кәсіпкерлер палатасы түркиялық компаниялар мен мекемелер туралы мағлұматтар базасына кедергісіз кіре алады.

 
Бұл туралы бүгін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов пен Түркияның Сауда палатасы және тауарлы биржа одағының президенті Рифат Хисарджиклыоглудың кездесуінде айтылды. 
 
Тараптар кәсіпкерлікті дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум бекітуге келісті.
 
Рифат Хисарджиклыоглу, Түркия Республикасының Сауда палатасы мен тауарлы биржа одағының президенті:
Қазақстанда осындай ірі бизнес құрылымның қалыптасқанына бек қуаныштымыз. Біз бұдан былай өзара кеңесіп тұрамыз. Консультативтік көмекке дайынбыз. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды қолға алғандарыңыз туралы жақсы білемін. Жуырда меморандумды бекітеміз. Содан кейін біздегі бизнес субъектілерімен байланыс орнату да оңай болады.

Хабарламаларға жазылу