Қазақстан мен Еуроодақ ынтымағы беки түспек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Еуроодақ ынтымағы беки түспек

08.05.2017

Еліміздің Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев бүгін жұмыс сапарымен Бельгияға барды. Министр Брюссельде Еуропалық парламенттің Орталық Азиямен ынтымақтастық жөніндегі делегациясының жетекшісі, Еуродепутат Ивета Григулемен кездесті.

Кездесу барысында Нұрлан Ермекбаев депутатқа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласында жазылған рухани жаңғыруға қатысты елдің ұстанымдарын жеткізді. Ивета Григуле Қазақстандағы соңғы реформаларға жоғары баға берді.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу