Қазақ-қырғыз қатынасы беки түспек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-қырғыз қатынасы беки түспек

17.08.2018

Қазақстан мен Қырғызстан аймақтық туристік бағыттардағы қатынасты реттеп, әскери-техникалық ынтымақтастық пен трансшекаралық өзендердің суын пайдалану мәселесін шешуге мүдделі. Бұл туралы екі ел үкімет басшылары Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық кеңесінің жетінші отырысында келісті. Сондай-ақ, қос премьер-министр осы күнге дейін атқарылған жұмыстардың нәтижесін талқылады. Сауда-экономикалық бағыттағы екі мемлекеттің байланысында жетістіктер аз емес екен. Былтыр ол 13,4 пайызға артса, биылғы 5 айдағы өсім 10 пайызға жуықтап қалған. Кез келген саладағы қарым-қатынастың нығаюына халықтардың бауырлас болуы және мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбековтың өзара сыйластығы, достығы да сеп болып отыр. Осы ынтымақтасты арттыру мақсатында екі елдің премьер-министрлері бірқатар құжаттарға қол қойып, келісімдерге келді. Ал, үкіметаралық кеңестің келесі, яғни, сегізінші отырысы ендігі жылы Бішкекте өтетін болды. 

 

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу