Сенат БАҚ туралы заңға түзетулерді қабылдады (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат БАҚ туралы заңға түзетулерді қабылдады (толығырақ)

21.12.2017

6 кодекс және 16 заңға, жалпы 280-нен астам өзгеріс енгізіліп отыр. Құжаттың  жағымды тұстары жетеді. Мәселен, енді мемлекеттік қызметкерлер сұхбат беріп, ақпарат таратуға өзі ынта білдіреді, өйткені жалақысы соған байланысты болмақ.  Сондай-ақ, қандай да бір тұлға мәдени-көпшілік, спорттық және басқа да шараларға әрі жұрт алдында сөз сөйлеуге қатысса, журналистер оның суретін рұқсат сұрамай-ақ жариялай алады. Балаларды зиянды ақпараттан қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған нормалар да қарастырылып отыр. Бұған қоса, күш көрсету, жәбірлеу салдарынан зардап шеккен бала туралы жеке мәліметтер мен оның суретін баланың өзінің немесе оның заңды өкілдерінің келісімінcіз қолдануға рұқсат етілмейді.

Бақытжан Жұмағұлов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Заң жобасымен бұқаралық ақпарат құралдарының шығындарын қысқарту мақсатында уәкілетті органға жіберілетін мерзімді баспасөздің данасын электронды түрде жіберуге болады. Ресми хабарларға жатпайтын ақпаратқа сұрау салған жағдайда жауапты жеті жұмыс күнінің ішінде беруі қажет.

Жалпы отырыста  депутат Әбдәлі Нұралиев Премьер-Министрдің атына депутаттық сауал жолдады. «Елімізде жол апаттарының саны ұлғаюда»,- деді депутат. Әсіресе, заңсыз тасымалдаушылар көбейіп кеткен. Тек қана Тараз қаласынан 50-ден астам автокөлік бақылаусыз, астыртын қала, ауданаралық қатынасқа шығуда. «Атқарушы органдар облыс, қала, ауданаралық тасымалдауды заңдастырудың жаңа тұжырымдамалар тетігін ойластыру керек»,- деді сенатор.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу