Үздік сайттар марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үздік сайттар марапатталды

21.12.2017

Биыл 15-ші рет өткен «Award.kz» интернет-премиясының жеңімпаздары анықталды. Бұл байқауға елдегі бес мыңнан аса сайт өз жұмыстарын өткізген.

Соның нәтижесі шығып, интернетті нағыз кәсіпке айналдыра алған озық сайттың өкілдері марапатталды. 21 номинацияның ішінде маркетинг пен спортты, ақпарат пен туризмді кең көлемде насихаттайтын сайттар бар. Енді ұйымдастырушылар келесі жылдан бастап байқауды халықаралық деңгейге шығармақшы. Бұл біздегі сайттардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Биыл екітілді үздік интернет басылым аталымы бойынша «Qazaqstan», «balapan» мен «Qazsport» сайттарын әзірлеген шығармашылық топқа да құрмет көрсетілді.    

Константин Горожанкин, интернет-бизнес қауымдастығының президенті:

 - Қазір интернет сайттар нағыз бизнес көзіне айналды. Бұл біздің елде күн санап дамып келе жатқан инновациялық экономиканың қозғаушы күшіне айналды. Сондықтан, олардың еңбегін елеп, жыл сайын марапаттау маңызды.

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу