Кәсіпкерлер ақшасына жете алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлер ақшасына жете алмай жүр

21.12.2017

Астанада бір топ бизнесмен елімізге белгілі іскер келіншекке алданып қалдық деп шағымын айтуда. Олардың сөзінше, көпшілікке танымал «Халық маркасы»  жобасының және «Медиа мир Collection» серіктестігінің басшысы Римма Тәжібаева әріптестерін сан соқтырып, өзі қазір шетелде жүр. Жаз мезгілінде отандық өнім өндірушілер, «Халық маркасы» алаңында тауарын саудалау үшін Тәжібаева жетекшілік ететін компанияға берген. Басында ақшаларын уақытылы алып  тұрады. Бірақ,  бірнеше айдан кейін түрлі сылтаулар көбейіп кетіпті. Салдарынан өз қаржысы тұрмақ, сатылмаған өнімдерін де қайтарып алу қиынға соққан. Қазіргі таңда «Медиа мир Collection» компаниясы сот шешімі бойынша 6 кәсіпкерге қарыз. Ал, «құзырлы мекемеге жүгінбеген адамдардың саны одан бірнеше есе көп», - дейді кәсіпкерлер.

Әмірхан Болатбек, кәсіпкер:

- Біз ақша ала алмай жүргенімізге 4-5 айдың жүзі болатын болды.

Мұстафа Бекембетов, кәсіпкер:

 - Бірінші кезде 3 млн. 580 мың теңге көлемінде тауар бергенбіз. Соның 1 млн. 500 мың теңгесіндейін бұлар сатып, қалған өнімімізді бермей отыр. Содан кейін біз соттасып, шешімін шығарғанбыз. Енді қалай боларын білмеймін.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу