Ақтөбелік кәсіпкерлер шетелдік компаниядан еңбекақыларын ала алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбелік кәсіпкерлер шетелдік компаниядан еңбекақыларын ала алмай жүр

26.04.2021

Ақтөбеде жол құрылысымен айналысқан ондаған кәсіпкер екі жылға жуық уақыттан бері еңбекақыларын ала алмай келеді. Олар «шетелдік компания жауапкершіліктен қашып жүр» - деп, шағымданды.

«Ақтөбе-Атырау»бағытындағы жол құрылысы 2017 жылы басталған. Тендер 3 кезең бойынша өтіп, оның бірін әзірбайжандық компания ұтып алды. Олар жергілікті кәсіпкерлерден техниканы жалға алған. Бірақ, әлі күнге дейін келісілген ақшаны бермеген. 35 кәсіпкерге 300 млн теңгеге жуық қарызы бар.

Ерлан Есқазиев, кәсіпкер:
Маған 31 млн қарыз. Менің артымда 20 отбасы жұмыс істейді. Мен сол 20 отбасының бәріне қарызбын. Олардың бала-шағасы бар.

Құрылысшылар осыдан бір жарым ай бұрын облыс әкімдігіне шағымданғанда мәселе сәуірдің ортасына дейін шешіледі деген. Бірақ, еш нәрсе өзгермеді. «ҚазАвтоЖол» мекемесінің өкілдері шет елдік компанияның биылға жаңа келісімшарт жасап жатқанын айтады.

Марат Махамбетов,  «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ облыстық филиалының директоры:
Төлеп береміз деп отыр. Олардың гарантиялық сомасы бар, тендерге қатысқан кездегі. Содан төлейді. Бірақ, бүгін-ертең деген мерізімін айта алмаймын. Қазір сөйлесіп жатырмыз. Ол мекемемен келісімшарт әлі бұзылған жоқ.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу