Онда жергілікті атқарушы билік өкілдері, пробация мамандары, адвокаттар мен медиаторлар халыққа тегін қызмет көрсетпек. Күн сайын кезекші прокурор жеке және заңды тұлғаларды қабылдайды. Орталық азаматтардың арыз-шағымдарын жылдам шешу мақсатында құрылды. Күту залы, балаларға арналған шағын алаң, қызмет көрсету залдары жұмыс істеп тұр. Барлығы жаңа құрал-жабдықтармен жарақтандырылған.
Жанар Мұқышева, Ақмола облысы прокурорының аға көмекшісі:
- Аталмыш орталықта бір терезе қағидасы бойынша көптеген мемлекеттік органдардың қызметтері көрсетіледі. Осылайша, біз халыққа жақын болуды көздеп отырмыз. Бұл жерде пробация, әкімдік қызметкерлері, адвокаттар мен медиаторлар, кезекші прокурордың барлығы бір жерде отырады. Құқығы бұзылған кез келген адам осы жерге келіп, тегін құқықтық көмек ала алады.
Ермек ЕЛБЕРГЕН