Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік наградаларды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік наградаларды тапсырды

15.12.2017

Бүгін Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев та бірқатар мемлекеттік қызметкерлер мен бизнес құрылымдардың өкілдеріне мемлекеттік наградаларды тапсырды. Атап айтсақ, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Аблай Мырзахметов 3 дәрежелі «Барыс» орденімен, Премьер-министр Кеңсесі басшысының орынбасары Ержан Бабақұмаров пен Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр «Парасат» орденімен марапатталды. «Құрмет» орденін алғандардың ішінде Ұлттық экономика вице-министрі мен «Verny Investments Holding» компаниясының және Қаржы министрлігінің өкілдері болды.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу