Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазына» Қорының басқарма төрағасы болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазына» Қорының басқарма төрағасы болып тағайындалды

24.12.2017

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев пен  Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» ұжымына басқарманың жаңа төрағасы Ахметжан Есімовті таныстырды. Үкімет басшысы Ахметжан Смағұлұлының ел алдындағы елеулі еңбектеріне тоқтала келіп, біліктілігі мен іскерлігін, мемлекеттік тапсырмаларды орындаудағы кәсіби деңгейін атап өтті. «Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» қорына маңызды тапсырмалар жүктеп отыр» деген Бақытжан Сағынтаев басқарма төрағасының жұмысына сәттілік тіледі. 

Хабарламаларға жазылу