«Союз» кемесінің капсуласы үш ғарышкермен Жезқазған маңына қонды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Союз» кемесінің капсуласы үш ғарышкермен Жезқазған маңына қонды

14.12.2017

Осыдан бірер сағат бұрын «Союз» кемесінің капсуласы үш ғарышкермен Жезқазған маңына сәтті қонды. Халықаралық ғарыш станциясынан Жерге «Роскосмос» ғарышкері Сергей Рязанский, НАСА астронавты Рэндолф Брезник және Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты Паоло Несполи оралып отыр.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, кеменің орбитадан төмендеуі және қонуы ойдағыдай болған. Экипаж мүшелерінің жағдайы жақсы.

Айта кетсек, олар Халықаралық ғарыш станциясында шілденің 29-нан бүгінге дейін 139 тәулік болып, бірнеше ғылыми зерттеулер мен тәжірибелер жүргізді. Сонымен бірге, бұл экспедиция орбиталық бекеттің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз еткен.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу