«Союз МС-15» ғарыш кемесі Жезқазған маңына қонды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Союз МС-15» ғарыш кемесі Жезқазған маңына қонды

17.04.2020

Бүгін «Союз МС-15» ғарыш кемесі халықаралық ғарыш станциясынан бөлініп, Жезқазған маңына қонды. Экипаж құрамында ресейлік ғарышкер Олег Скрипочка, америкалық Эндрю Морган мен Джессика Меир бар. Карантинге байланысты ғарышкерлерді дәстүрлі қарсы алу рәсімі болмады. Медициналық бетперде таққан мамандар ғарышкерлердің денсаулығын тікұшақта тексерді. Еске салайық, ресейлік ғарыш кемесінің экипажы ғылымның түрлі салаларында тәжірибе жасау мақсатында 2019 жылдың 25 қыркүйегінде Байқоңырдан ғарышқа аттанған болатын.

Гаухар ТӨЛЕКБАЕВА


Хабарламаларға жазылу