Жаңа заңның тиімділігі көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа заңның тиімділігі көп

13.12.2017

Ұлттық стандарттау жүйесі әзірленсе, отандық өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі артады. Саудадағы техникалық кедергілер жойылып, инновациялық жобаларды енгізуге мүмкіндік береді. Жаңа заң жобасының тиімді тетіктерін түсіндірген Инвестиция және даму министрлігінің өкілдері осылай дейді. Яғни, бұдан былай техникалық реттеу екі деңгейде жүзеге асады. Алғашқысында мемлекет қауіпсіздікті реттейді. Ал, нарық адал бәсекеге түседі.  Елімізде қазір ұлттық стандартар саны 7703-ке жетіп отыр. Биыл 1000-нан астам ұлттық стандарт бекітілді. Келер жылы дәл осындай көрсеткіш жоспарланған. Соның нәтижесінде елдегі техникалық комитеттердің рөлі артпақ.  

Ғалымжан Дұғалов, ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы:

- 52 техникалық комитет жеткілікті деп ойлаймын. Егер техникалық комитет құрылмай тұрса, уақыт керек болып тұрса, мүмкіндіктер болмаса, біздің ұлттық стандарттау орган атқара береді.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу