Білім беру саласындағы жаңа жүйенің тиімділігі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білім беру саласындағы жаңа жүйенің тиімділігі талқыланды

26.06.2014
Білім беру саласындағы жаңа жүйенің тиімділігі талқыланды
 
Бүгін еліміздегі орта білім беру жүйесін жан басына нормативтік қаржыландырудың тиімділігі мен кемшін тұстары талқыланды.
 
Бұл жоба жарты жылдан бері Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы 63 мектепте пилотты режимде жүзеге асуда.
 
Жоба бойынша орта білім беру жүйесіне қарастырылған қаражат мектепке емес, әр оқушыға жеке бөлінеді.
 
Ал, баланың оқу үлгерімі мен жеткен жетістіктері арқылы мұғалімдердің еңбегі бағаланып, негізгі жалақыға үстемақы қосылады.
 
Кей өңірлерде жобаға бөлінген қаражат мектепті күрделі жөндеуден өткізу, интерактивті тақта секілді оқу құралдарын сатып алуға жұмсалған.
 
«Сондай-ақ, бюджет қаржысының игерілуінде ашықтық пен жариялылық жоқ», дейді мамандар.
 
Жаңыл Жонтаева, ҚР Білім және ғылым министрлігінің департамент директоры:
Қазіргі қаржыландыруда үстеме төленеді. Әр көрсеткен нәтижесіне сәйкес, әр ұстаздың еңбегін бағалау - оңай емес. Сол себепті бірнеше жыл болуы керек. Қазіргі кезде 2015-ші жылға бюджетке ұсындық.
 
Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу