Атырау облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 37 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 37 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр

14.07.2017

Көп кешікпей, атыраулықтар «Нұрлы жер»  бағдарламасының игілігін көре бастайды. Жаңа бағдарламаның тұрғындар үшін тиімділігі өте зор. Мәселен, бұрын ипотекамен тұрғын үй сатып алушылар екінші деңгейлі банктерге 17 пайыз сыйақы мөлшерлемесін төлеп келсе, енді мемлекеттік бағдарлама аясында сыйақының 6-7 пайызын мемлекет субсидиялайды.

Бүгінде облыста «Нұрлы жер» бойынша әлеуметтің әлеуеттік әлсіз тобы үшін несиеге және жалға берілетін 2007 пәтерлі 37 тұрғын үй салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. 

Хабарламаларға жазылу