Павлодарда 144 отбасы баспаналы болды

13.12.2017

9 қабатты үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынды. Құрылысқа 1 млрд. 595 млн. теңге қаржы жұмсалған. Жаңа пәтерді иелері әзірге жалдап тұрады. Арендалық төлемі 1 шаршы метрге 1060 теңге. Уақыт өте келе сатып алуға болады. Биыл облыста тұрғын үй құрылысына бөлінген қаржы 54 пайызға көбейді. Соның нәтижесінде жаңадан салынған баспана көлемі 132 мың шаршы метрге ұлғайды.

Гүлбаршын Төлеубаев, тұрғын:

- 14 жыл жатақханада тұрғам. Бұрын «KSP Steel» зауытында істегем. Қазір Ұлттық банктемін. Екі жылдың ішінде ақшаны жинап, осы пәтерді алып отырмын. Өте қуаныштымыз.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу