Павлодарда 72 отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда 72 отбасы баспаналы болды

06.05.2019

Пәтер кілтін алғандар - «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары. Олардың арасында көпбалалы және аз қамтылған отбасылар бар. 9 қабатты үй Алюминстрой қалашығындағы ескі үйлердің орнына салынды. Қазір бұл аумақта Сарыарқа шағын ауданы бой көтеріп келеді. Өткен жылы ғана екі мыңнан астам тұрғынға осы жерден баспана берілді.

Жанаргүл Әбенова, көпбалалы ана:

- Алғашында біз ата-аналарымызбен бірге тұрдық. Кейін аумағы шағын ғана пәтер жалдаған болатынбыз. Енді міне үш бөлмелі пәтерге қолымыз жетті. Кіші ұлымыз екі жаста, үлкен қызымыз 15 жасқа толады. Енді бәрімізге орын жетеді деп ойлаймын.

Болат АМАНБЕВ

Хабарламаларға жазылу