Павлодар облысында 144 отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында 144 отбасы баспаналы болды

16.02.2021

Павлодардың іргесіндегі шағын қала Ақсуда 144 отбасы баспаналы болды. Қазір шаһарда жаңа шағын аудан бой көтеріп келеді. Бұл «Нұрлы жер» бағдарламасының игілігі. Пәтер кілтін алғандардың дені жылдар бойы кезекте тұрған әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен балалар үйінің тәрбиеленушілері және мүгедек жандар. Биыл жыл соңына дейін тағы үш жүз адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделген. 

Зәмзәгүл Кәкішева, жаңа пәтер иесі:
Менің 3 ұлым бар. Үлкен ұлым мүгедек. Кезекте тұрғанымызға 11 жыл болды. Бүгін осы күнге жеттік. Өте қатты ризамын. Сөзім жоқ айтар.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу