ШҚО-да жол ережесі бойынша қауіпсіздік акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да жол ережесі бойынша қауіпсіздік акциясы өтті

08.12.2017

Шығыс Қазақстанда желтоқсанның 4-8-і аралығында өткен республикалық «Бәріне бірдей жол» атты қауіпсіздік акциясының аясында жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілер жазаланды. Бір ерекшелігі - бұл жолы жүріп бара жатқан емес, рұқсат етілмеген жерде тоқтап тұрған көлік иелеріне айыппұл салынды. Айыппұлдың көлемі де аз емес, 113 мың теңге.

Мүгедек адамдарға ғана рұқсат берілген арнайы белгі орнатылған жерге көлігін қойған азаматтарға хаттама толтырылды. Сол жерде қолдарына 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу міндеттелгені жөнінде қаулы берілді. Жалпы, облыс аумағында осындай 64 жол белгісі бар. Оның 13-і Өскемен қаласында. Ал, жыл басынан бері осы ережені бұзған 65 жүргізушіге 4 млн. 300 мың теңгедей айыппұл салынған.

Ақгүл Атудинова, ШҚО ІІД ӘПБ аға инспекторы:

- 4-8 желтоқсан аралығында Шығыс Қазақстан облысы аумағында барлық мемлекеттік мекемелер, көпшілік азаматтар баратын дүкендер, арнайы мекемелерге осындай тыйым салу белгісін орнату жұмысы жалғасып жатыр.

 

Жанболат САНИЯЗ

Хабарламаларға жазылу