Сандық телевизия - сапалы ақпарат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сандық телевизия - сапалы ақпарат

05.12.2017
Сандық телевизия - сапалы ақпарат

«Қазақстандағы тұрақты даму мақсаттары телевизия кадрынан тыс». Алматыда бас қосқан танымал ғалымдар мен оқытушылар осы тақырып төңірегінде пікір алмасты.

Ауқымды шарада бүгінгі телевизия саласына қатысты өзекті мәселелер айтылды. Сала мамандарының сөзінше, елдегі телеконтент жаңарды. Ал, оны жаһандандыру ісі де ілгерілеп келеді. Мәселен, әр аймақта сандық телевизия мүмкіндіктері барынша молайды. Себебі, шетелдің тәжірибесіне сүйеніп, сапалы ақпарат таратудың тиімді әдістері қолданылуда. Сондай-ақ, ғалымдардың сөзінше, қазір бұл саланы өркендету үшін журналист мамандарын даярлайтын жетекші оқу орындары да барынша атсалысып отыр. Яғни, студенттердің сырт мемлекеттерде білім алуына қолайлы жағдай жасалды.

Властимил Самек, БҰҰ Қазақстандағы ақпараттық бюросының басшысы:

- Қазақстандағы журналистикаға қызығушылық танытып оқуға келетін шетелдік студенттердің саны артып келеді. Бұл осы саланың қарқынды дамығанындығын көрсетеді. Сіздерде талап пен талант та бар деген сөз. Бүгін маған сұрақ қойып, ағылшын тілінде еркін сөйлеген қазақ студенттеріне риза болдым. Әрі олардың білімі жоғары екеніндігін аңғардым.

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу