Тоқтар Әубәкіров пен Серік Тұрғынбеков «Қазақстан-Қостанай» телеарнасына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқтар Әубәкіров пен Серік Тұрғынбеков «Қазақстан-Қостанай» телеарнасына барды

01.06.2016
Тоқтар Әубәкіров пен Серік Тұрғынбеков «Қазақстан-Қостанай» телеарнасына барды

Халық қаһарманы, ғарышкер Тоқтар Əубəкіров пен ақын-драматург Серік Тұрғынбеков «Қазақстан-Қостанай» телеарнасы ұжымымен кездесіп, арнаның 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Біздің анықтама:

 «Қазақстан» РТРК» АҚ Қостанай облыстық филиалы телевизия хабарларын тұңғыш рет 1991 жылы 1 ақпанда тарата  бастады. Іргетасын қалағандардың қатарында сол кездегі телерадиокомпания төрағалары Н.Ислямиев, Б.Нұрмұхамедов, бас инженер В.Асташов, бас редактор Ә.Мадин болды.
 

1997 жылы тұңғыш рет облыстық телевизия 31 мамыр күні республикалық телемарафонға қатысып, корпорация тарапынан оң бағаға ие болды. Бір жылдан кейін техникалық мүмкіндіктің шектеулігіне қарамастан, Қостанай-Рудный-Лисаков қалалары арасында «Жанашыр» деген атпен телевизиялық қайырымдылық акциясы өткізілді.
 

2004 жылы 30 наурызда «Қазақстан РТРК» АҚ тапсырысы бойынша   хабар шығаратын бөлік және жүйелі монтаж аппараты ТVC компаниясының көмегімен қайта жарақтандырылды. Сондай-ақ, жаңа технологиядағы бейнекамералар мен бейнемагнитофондар алынды. Жаңа жүйелі және жүйесіз монтаждау жабдықтары іске қосылды. Компаниядағы қолда бар сандық техникаларды пайдалана отырып, телевизияның барлық монтаждау жұмысы 2005 жылы 5 сәуірде сандық (DVCAM, miniDV) түріне көшірілді.
 

2010 жылдың 13 желтоқсанынан бастап «Қазақстан-Қостанай» телеарнасы «Intelsat-904» спутнигі арқылы (ОтауТВ) толық көлемде, 14 сағаттық телебағдарламалары ел аумағы және жақын шетелдерге  таратылуда.

Хабарламаларға жазылу