Журналистика мектептері сандық технологияға қалай бейімделуде? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналистика мектептері сандық технологияға қалай бейімделуде?

29.08.2015
Журналистика мектептері сандық технологияға қалай бейімделуде?

«Обратно в редакцию» стипендиалық бағдарламасына қатысушы профессорлар «The Wall Street Journal», «Washington Post», «Los Angeles Times», «USA Today», «Univision», «ProPublica», «Buzzfeed», «WNYC» сынды әлемдік ақпарат көздерінің жұмыс барысында мобильді технологияларды пайдалану тәжірибесін ұсынады.

Бейнежазбалар жариялаудағы өзгерістер

Claflin университетінің профессоры Майкл Файрвелл:

 «The Wall Street Journal» басылымында бейне мәтіннің тек 10 пайызын ғана құрайды. Болашақта бұл көрсеткіш артады деп күтілуде. Сондықтан, журналистер үшін видеоны жылдам әрі кәсіби деңгейде түсіре білу - аса маңызды. 

Сонымен қатар, Майкл Файрвелл және бағдарламаның басқа да қатысушылары ақпарат агенттіктерінің көпшілігі видеоны редакциялау үшін «Adobe Premiere» бағдарламасын пайдаланатындықтарын байқаған. 

Аудитория тарту

АҚШ-тың Морган университетінің оқытушысы Милтон Кент:

Белгілі бір тақырыпқа немесе оқиғаға қызығушылық танытушылар сәйкес материалдар табу үшін «Google» іздеуіш жүйесіне жиі жүгінеді. АҚШ-тың Морган университетінің оқытушысы Милтон Кентті «The Washington Post» трифигінің 80 пайызы «сырттан» келетіндігі таңғалдырған. Бұл - онлайн ақпарат іздеушілер мен оны әлеуметтік медиадан кездестіретіндер.

Сондықтан, жаңа оқырмандар тартып, әлеуметтік медиа пайдаланушыларына ыңғайлы болуы үшін  журналистер мен веб-редакторларға тақырып қою және мәтінді қызықты жаза алудың маңызы зор. 

Санта-Моника колледжінің оқытушысы Саул Рубин  америкалық «Los Angeles Times» басылымы видеоны «Facebook» және «Twitter» әлеуметтік желілерінің қолданушыларына ыңғайлы болатындай өңдейтіндіктерін байқаған. Бұл да - аудитория тартудың бірден-бір жолы.

Мобильді құрылғының рөлі

Флорида Мемориал университетінің профессоры Рассела Мотли:

Рассела Мотли «USA Today» басылымында тағылымдамадан өтушілердің мобильді технологиялармен жұмыс істеудегі сенімділіктері мен тәжірибелеріне таңқалысын жасыра алмаған. Олар жоғары сапалы видеолар мен суреттерді оқиға орнына өз телефондары арқылы түсіріп, өңдеп, редакцияға жіберіп отыратындығын айтады. Бұл контент бірден өзгеріссіз жарияланады.

Сент-Джон Фишер колледжінің профессоры Мэри Вилланы «Univision» компаниясының видеоны әлем бойынша нақты уақыт режимінде жариялауға мүмкіндік беретін «Periscope» мобильді телефондарының  қосымшаларын пайдалануы қызықтырған.

Есепке ептілік қаситеттерін пайдалану

«Обратно в редакцию-2015» бағдарламасының стипендиаттары болашақ журналистер  «Los Angeles Times» газетінің адам өліміне қатысты ақпараттарды жеткізу тәсілін меңгеру қажет деп санайды.

Газет журналистері өлімге қатысты ақпараттарды жинақтап, өңдеп, оларды қала картасына белгілейді.  Бұл оқырмандарға қаланың түрлі аудандарының қылмыстық статистикасын білумен қатар, олардың жасы, жынысы мен нәсілін анықтауға мүмкіндік береді.

Бағдарлама қатысушыларының пікірінше, журналистикадан табыс тапқысы келетіндердің жоғарыда айтылған сандық технологиялардың мүмкіндіктерін меңгерулері шарт,  

«Обратно в редакцию» стипендиалық бағдарламасы Журналистерге арналған Халықаралық Орталықтың (ICFJ) ұйымдастыруымен жүзеге асырылады.

ijnet.org

 

 

 

Хабарламаларға жазылу