Аудан орталығы Сарыөзек ауылында шағын аяқ киім тігу цехы жұмысын бастаса, Шұбар ауылының тұрғындары сапалы ауызсуға қол жеткізді. Цехты іске қосуға «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 1,5 млн. теңге грант бөлінді. Екінші топ мүгедегі Асхат Талғарбаев қаржыға қажет жабдық алып, тағы 4 адамды жұмыспен қамтыды. Кәсіпкер ауыл тұрғындарына әзірге қысқы етік тігеді. Ал, ширек ғасыр ауызсудың азабын көрген Шұбар ауылында су тарату станциясы пайдалануға берілді. Енді 300-ге жуық түтіні бар елді мекен халқы таза су тұтынып, өркениетке қол жеткізді. Тіршілік көзі ауылдың әр үйіне тартылып берілді.
Қарға Тастанбеков, Шұбар ауылының тұрғыны:
- Бәрі тозып біткен дүниелер ғой. 20 жылдай суды біз қайнардан тасып іштік. Арбамен, шанамен, көлікпен кім қалай шамасы келеді солай тасып ішті. Енді бүгін халықтың қуанышында шек жоқ. Жақсы болып жатыр.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ