Қарағандыдағы «Шапағат» тұрғын үй құрылысы қалалық мәслихат депутаттарының сынына ілікті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыдағы «Шапағат» тұрғын үй құрылысы қалалық мәслихат депутаттарының сынына ілікті

21.11.2017

Қарағандыдағы атышулы «Бесоба» кешенінің орнына салынып жатқан «Шапағат» тұрғын үй құрылысы қалалық мәслихат депутаттарының сынына ілікті.

Көпқабатты үйдің әбден ашынған тұрғындары халық қалаулыларына барлық шағымын жайып салды. Аз уақыттың ішінде көпқабатты үйдің сылағы сыпырылып,  сұрқы қашқан. Тіпті, бетоны үгіліп, қабырғалары  жарылған. Ал, ауладағы лайдан аяқ алып жүру мүмкін емес. Көліктер болса, сазға батып, жүре алмай қалады. Кәріз жүйесінің құдықтары ашық-шашық жатқандықтан, жаяу жүргіншіге өте қауіпті. Депутаттар бұл мәселені назардан тыс қалдырмайтынын жеткізді.

Татьяна Кравченко, қалалық мәслихаттың депутаты:

- Қабырғасы жарылған, панелдері ұшқан, ауласы абаттандырылмаған. Үйдің құрылысы сын көтермейді. Елдің шағымын ескерусіз қалдырмаймыз. Соңына дейін құрылысты бақылауда ұстап отырамыз. Мердігер компания мен тұрғындар арасындағы келісімшарт уақыты әлі аяқталған жоқ. Сондықтан, жағдайды шешуге көмектесеміз.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу