Жүк көліктеріне бақылау күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүк көліктеріне бақылау күшейеді

21.11.2017

Алдағы уақытта Павлодар облысы аумағындағы  жүк көліктері арнайы автоматтандырылған жүйе арқылы бақыланады. Бейнекамера және өлшеу құралдарымен жабдықталған жаңа құрылғылар Омбы, Новосібір және Алтай өлкесі бағытында орнатылуда. Яғни, көлікке шамадан тыс тиелген жүк немесе талапқа сәйкес келмейтін басқа деректер онлайн режимінде инспекцияның жедел бақылау орталығына түседі.

Мәселен, жүргізушілер мен көліктік бақылау инспекторының өзара ымыраласып, айыппұлдан сытылып кетуі сынды әрекеттерге жол берілмейді. Бұдан бөлек, аймақтық инспекция қауіпті жүк артып алған көліктердің жылдамдығына шектеу қоюды ұсынды. Ол үшін қолданыстағы заңнамаға арнайы ереже енгізу қажет. Себебі, тексерілген көліктердің 70 пайызы жүк тасымалдау заңын бұзған.  

Серік Талдыбаев, облыстық Көліктік бақылау инспекциясының басшысы:

 - Қауіпті жүк тиеген көліктің қандай жылдамдықпен жүру керектігі нақтыланбаған. Сондықтан, тасымал жөніндегі халықаралық келісім негізінде заңнамалық ұсыныс әзірлеп құзырлы органға жолдаймыз. Ол үшін Ресейде қолданылатын салмақтық параметрлер, жолда жүру жылдамдығының өлшемдері ескеріледі. Көрші елде үш пайыздық көрсеткішке дейін сәйкес келмеушілік орын алса, тасымалдаушы олқылықты өзі жояды, жауапкершілікке тартылмайды. 

 Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу