Алматы облысында жеке тұлға Қырғызстанға заңсыз тауар алып өтпек болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жеке тұлға Қырғызстанға заңсыз тауар алып өтпек болған

10.11.2017

Алматы облысы Алмалы кедендік рәсімдеу орталығында Қырғыз Республикасына заңсыз тауар алып өтпек болған жеке тұлға ұсталды. Тексеріс кезінде анықталғандай, теміржол контейнеріне тиелген жүк ілеспе құжатқа сәйкес емес. Яғни, салмағы нақты көрсетілмеген. Сондай-ақ, тауардың қайда өндірілгенін білдіретін таңбасына дейін жоқ. Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті фактіге сай әкімшілік жауапкершілікке тарту шарасымен айналысып жатыр. 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу