Алматы әуежайында 1 млрд теңгеден астам декларацияланбаған ақша анықталды
Былтыр жеке тұлғалар Алматы әуежайы арқылы 1 млрд теңгеден аса декларацияланбаған қолма-қол ақшаны шет елдерге алып кетпекші болған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. «Алматы-Франкфурт» , «Тбилиси-Алматы», «Алматы-Ташкент», «Дубай-Алматы» сынды әуе рейстері арқылы, өзге елдерге заңсыз қаржыны шығаруға тырысқан шетелдік және Қазақстан азаматтары кедендік бақылаудан өтпек болғанда ұсталған. Олар Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылды. Еске сала кетейік, азаматтар 10 мың АҚШ долларынан аспайтын соманы ғана елден шығаруға және кіргізуге құқылы.
Арайлым Алмағанбетова, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жетекші маманы:
Қаңтар мен желтоқсан айлары аралығында ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодекісінің 551-бабының 3 тармақшасына сәйкес 116 әкімшілік іс қозғалды. Декларацияланбаған қолма-қол қаражат сомасы 1 068 683 092 теңгені құрады. Осы құқықбұзушылықтар бойынша 3 383 720 теңге айыппұл салынды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан тарихының алтыншы томы бекітілді
18.05.2026, 13:18
Қазақстан мен Татарстанның мәдени байланысы беки түспек
18.05.2026, 13:15
Атыраудағы атышулы іске қатысты сот басталды
18.05.2026, 13:12
Жетісу облысында шегіртке ошақтары анықталды
18.05.2026, 13:09
Эболаның өршуіне байланысты ДДСҰ халықаралық төтенше жағдай жариялады
18.05.2026, 13:06
Аллергияға қарсы отандық вакцина сыналуда
18.05.2026, 13:03
Халықтың 84%-дан астамы ел дамуының бағытын қолдайды
18.05.2026, 13:00
Бүгін – Халықаралық музей күні
18.05.2026, 10:33