Әскери қызметке келу жасы қысқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери қызметке келу жасы қысқарды

03.11.2017

Биыл әскерге шақырылатын азаматтардың жас ерекшеліктері әскери қызмет өткеру ережелеріне байланысты өзгерді. Мәселен, бұған дейін әскери қызметте болмаған яғни, әскери міндеттелмеген азаматтарды әскерге шақыру жасы 42 жасқа дейін белгіленген болатын. Жаңа ережеге сәйкес, әскери қызметке келу жасы 32 жасқа қысқарды. Ал, бұрын әскери қызметте болған азаматтар үшін ең жоғарғы жас ерекшелігі 37 жас деп белгіленді. Бұл жайында Қорғаныс министрлігінің Кадрлық департамент басшысы Қайрат Көпбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстан Қарулы күштерінде кадрлық жетіспеушілік мәселесі жоқ. «Сондықтан, әскер сапына жас әрі белсенді азаматтарды шақыруға мән беріліп отыр», дейді.

Естеріңізге сала кетсек, Елбасы 31 қазанда әскери қызмет өткеру ережелерін қайта бекіту туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Жаңа құжатта әскерге шақыру мен біліктілік, жас ерекшеліктері мен әлеуметтік қамтамасыз ету бағыттарына толықтырулар енгізілді.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу