«Kazakh Іnvest» компаниясы «ЭКСПО»-дағы жұмыстарын қорытындылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazakh Іnvest» компаниясы «ЭКСПО»-дағы жұмыстарын қорытындылады

11.10.2017

«Kazakh Іnvest» компаниясы «ЭКСПО» көрмесі аясында 22 келісімді бекіткен. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз жиынында компания басшылары мәлімдеді. Негізгі келіссөздер мұнай-xимия, фармацевтика, xимия мен ақпараттық теxнологияларды дамыту бойынша қарастырылған. Бұдан бөлек, АҚШ, Нидерланд, Швейцария, Монако, Түркия, Қытай елдерімен әріптестік байланыс орнатқан. Бұл елдер негізінен Қазақстанның ірі инвесторлары болып саналады. Келуші елдер тарапынан біраз ұсыныстар айтылған. Оның барлығы алдағы уақытта пысықталады. Жалпы, жұмыс барысында «Kazakh Іnvest» компаниясы 150 кездесу өткізген. 

Біржан Қанешев, «Kazakh Іnvest» Ұлттық компаниясы АҚ басшысының орынбасары:

- Бұдан басқа павильондарда өткен сан алуан бизнес конференцияларға қатысып, тағы да 100-ден астам кездесу өткіздік. Соған қарағанда, біз күніне екі-үш кездесу, барлығы 200-300-дей бизнес кездесуді өткіздік. Осының нәтижесінде 22 келісім мен меморандум рәсімделді. Сол бойынша жұмысқа алып жатырмыз қазір.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу